Түркістан төрінде Орталық сайлау комиссиясы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырған конференция өтті. Онда Түркі елдеріндегі сайлау жүйесінің дамуы, тәжірибесі жайында талқыланды. Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы туралы ережеге қол қойылды.