Түркістанда Түркі мемлекеттері орталық сайлау органдарының төрағалары бас қосты. Консультативтік платформа туралы Ережеге қол қойды. Бұл құжат Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің орталық сайлау органдары арасында жүйелі ынтымақтастық орнатып, өзара түсіністікті нығайтуға сеп болмақ.