Жасанды интеллект заңдық негізге ие болғанымен ол адамның рухани дамуына кедергі болуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев ғылыми тенденция туралы осындай пікірде. Халық қалаулысының айтуынша, оқушыларды былай қойғанда, жоғары оқу орындарының студенттері ғылыми жұмысының жауабын жазуды жасанды интеллектіге жүктейтін көрінеді. Оны оқитын тәлімгердің де ізденуге құлшынысы жоқ, қорытындысын Чат ЖиПиТиге сала салған әлдеқайда оңай деді Анас Баққожаев. Десе де, депутат ғылыми дамуға қарсы еместігін, тек оны пайдалану мәдениетін қалыптастыруды ұсынды.