Мәжіліс жасанды интеллект туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат жаңа технологияны пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі заң жобасы 7 тараудан және 28 баптан тұрады. Онда ұлттық жасанды интеллект платформасын құру қарастырылған. Бұл – осы салаға қатысты өнімдер әзірлеу мен қолдануға арналған бірыңғай инфрақұрылым болмақ.