Түркістан
EN

Президент көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

92
14.05.2025

Бүгін мемлекет басшысының төрағалығымен көлік-логистика саласын дамытуға қатысты жиын өтті. Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласындағы ахуалды сынға алды. Қордаланған маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде Қазақстан өзінің бәсекелестік артықшылығын сақтап қана қоймай, оны нығайуы тиіс. Жиында Мемлекет басшысы министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады. Сондай-ақ, көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.