«Ағашты да баладай күтіп-баптау керек. Сонда ғана мол түсім береді». Жасы алпысты алқымдаса да, әлі күнге қолынан шалғысы түспейтін Ибадулла ақсақал осылай дейді. Қаршадайынан қара жерге иіліп, бел жазбай еңбек етіп келе жатқан қария ағаш баптаудың қыр-сырын тілшімізге тәптіштеп түсіндіріп берді.