Құсшы ата елді мекенінде құлпынай өсіріп, жыл он екі ай өнім алатын шаруа тұрады. Ұлықбек Атаханов 33 соттық жерден жылына 2-3 тоннаға дейін құлпынай жинайды. Бүгінде тәтті жемісті тұрақты табыс көзіне айналдырған шаруа қожалығының бүгінгі тыныс-тіршілігімен тілшіміз танысып қайтты.