Діні мен дәстүрін сабақтастырып, әлмисақтан мұсылман қазақ халқы жақсы істе үнемі иық тіресіп бірге күш салған. Сөзіміздің айқын дәлелі Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Көкмардан ауылының тұрғындары. Асарлатқан халық бүгінде бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп мешіт жанына имандылық асханасын тұрғызуда. 1965 жылғы азаматтардың бастамасымен қолға алынған жоба қазір нағыз құрылыс алаңына айналған.