Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында жалғасты. Шара аясында "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша ерлі-зайыпты жұптарға дәрігерлік кеңестер берілді. Жасөспірімдерде репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, қажетсіз жүктіліктің , бедеуліктің, АИТВ-инфекциясы таралуы және жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттігі туралы семинар өткізілді. Апталық ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен басталған.