Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» ордені табысталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановты 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарындағы қызметін, министрлік, дипломатиялық және парламенттегі еңбегін ерекше атап өтті. Қуаныш Сұлтанов ел игілігіне арналған еңбегі үшін жоғары марапат алғанына ризашылығын білдірді.