Ақтауда құрылыс саласындағы былықтардың беті ашылды. Серіктестік құрылысқа сай рұқсат, лицензия құжаттары сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттары болмағына қарамастан 590 үлестік келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Компания басшылығы 1,9 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты жалған құрылыс актілері арқылы қалтасына басқан. Аталған факті бойынша сот отырысы өтіп, жауаптылар бас бостандығынан айырылды.