Қызылорда қаласында көп қабатты үйлердің бірі өртке оранды. Патрульдеу кезінде әскери жасақ терезеден шыққан қою түтінді дер кезінде байқап, өрт сөндірушілерге хабар берген. Жедел іс-әрекетке көшкен құтқарушылар мен ұландар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.