Бірі қоластындағы қызметкерлерді балағаттаса, бірі еңбек демалысын уақытылы бермей, еңбек құқығын бұзған. Түркістанда әдеп кодексі талаптарын бұзған бірнеше мемлекеттік қызметшінің ісі қаралды. Тарқатып айтар болсақ, түн ортасында ватсап чат арқылы ауыл әкімдерін балағаттап, мазаларын алған Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Марат Тұрановқа қатаң сөгіс жарияланды.