Су тапшылығына байланысты күріш пен мақта егістіктері азаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Еліміздегі су ресурстарының 60 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Оның 98 пайызы оңтүстік өңірлерге тиесілі. Көктемгі ауа райының қалыптан тыс жылы болуы — су тапшылығының басты себебі. Жалпы Түркістан облысында күріш 3,2 мыңнан 2,8 мың гектарға, мақта 31 мың гектарға қысқармақ. Мамандар мамырда елдің көп бөлігінде ауа райы ыстық және құрғақ болады деп мәлімдеді. Ал оңтүстікте жауын-шашын көлемі климаттық нормаға сай. Тамыз-қыркүйек егін жинауға қолайлы болады деп күтілуде.