Еліміздегі орташа жалақы мөлшері белгілі болды. Биылғы I тоқсандағы бағалау бойынша орташа жалақы 300 307 теңге болған. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда 423 133 теңге болып отыр. Бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7 пайызға артық. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, биыл өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім ақпарат және байланыс саласында 31,3 пайызға дейін өскен. Ал, өңірлер бойынша Ұлытау, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында жалақы біршама өскені байқалады.