Түркістан
EN

Картоп бағасын негізсіз көтергендерге айыппұл салынды

10
13.05.2025

 Картоп бағасын негізсіз көтергендерге айыппұл салынды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, картопқа сауда үстемесін 15 пайыздан асырып жібергені үшін 505 әкімшілік іс қозғалған. Оның 41-іне 2,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, қалған 464 жағдай бойынша ескерту берілген. Министрлік жыл басынан бері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына байланысты 1585 әкімшілік қаулы шығарған. Оның 396-сына 24 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Азық – түлік бағасын бақылау және заң бұзушлылықтарға жол бермеу жұмыстары жалғаса бермек.