Түркістан
EN

Балқаш ауданында мал ұрлағандар ұсталды

30
13.05.2025

Алматы облысында барымташылар тобы ұсталды. Олар Балқаш ауданы Береке ауылы маңындағы жайылымнан ірі қара мал ұрлаумен айналысқан. Күдіктілердің автокөлігінен сиыр малының екі тұтас еті, тегіс ұңғылы мылтық, балта және ас үй пышақтары табылып, тәркіленді. 3 ер адамнан тұратын топтың оннан астам мал ұрлығына қатысы бар екені дәлелденіп отыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.