Астана ЛРТ ісіне байланысты халықаралық іздеуде жүрген Талғат Ардан Түркияда ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, LRT жобасының бұрынғы басшысы ұзақ уақыт тергеуден жасырынған. Оны Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында қолға түсірген. Қазір Талғат Арданды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты LRT жобасының бұрынғы басшысын сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.