Ірі көлемдегі темекіні заңсыз сатқан

26
12.05.2025 16:12

 Семей қаласында темекі өнімдерін ірі көлемде заңсыз алып-сатқан трансұлттық топтың 3 мүшесі сотталды. 8 адам, оның ішінде 3 шетел азаматы Қырғызстаннан жалған құжат арқылы 9 млннан аса қорап темекіні заңсыз кіргізген. Олар Алматы, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарында саудаланған. Сонымен қатар, қылмыскерлер тауардың бір бөлігін Ресейге шығармақ болған. Барлық заңсыз өнім айналымнан алынып, төленбеген акциз сомасы 2,6 млрд теңгеге жеткен.