«Ақорда» Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды сән-салтанатпен қарсы алды. Шетелдік мейман мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және инвестиция салалары бойынша келіссөздер жүргізбек.