Жетісу облысында Көксу өзенінен трос арқылы өтпек болған ер адамды ағыс алып кетті. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол ешқандай сақтандыру құралдарынсыз өзенді кесіп өтпек болып, тросқа ілініп өткен. Алайда өзеннің орта тұсына жеткенде оның күші сарқылып, аяғы суға кеткен. Осы сәтте оны қатты ағыс ағызып әкетті. Оқиға орнында болған адам бұл сәтті бейнежазбаға түсіріп тұрған. Құтқарушыларға хабар 11 мамыр күні түскен. Сол күннен бастап іздестіру жұмыстары басталып, оған 98 адам мен 22 техника жұмылдырылған. Алайда ер адамның денесі табылмаған.