Елімізде жыл басынан бері 3,5 тонна есірткі тәркіленді. Нәтижесінде ішкі істер министрлігі 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен. Одан бөлек, 83 есірткі зертханасы жойылып, заңсыз контенті бар мыңдаған сайт бұғатталды. Жалпы биыл есірткі қылмысына қарсы күрестің нәтижесінде 1783 адам ұсталған. Оның 669-ы қамауға алынды.