Түркістан
EN

«Тағзым» мемориалы ашылды

176
08.05.2025

Түркістан облыстық прокуратурасында «Тағзым» мемориалы ашылды. Шара Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орайластырылды. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне прокуратура саласының ардагерлері, облыстың бас прокуроры, облыс әкімінің орынбасары, сондай-ақ соғыс жылдары дүниеге келіп, қан майданның қыспағын көрген азаматтар қатысты.