Бүгінде Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының от-жалынын кешіп, аман оралған екі майдангері ғана қалды. Сол қос тірі аңыздың бірі – Мұраталы Төлепбергенұлы. 1925 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келген қария биыл тура 100-ге толады.