Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Шеруге Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген. Ал Ұлттық ұланнан парадқа 400-ден астам әскери қызметші қатысып, заманауи бронды техникасының 13 бірлігін көрсетті. Алаңға 5 мыңнан аса көрермен жиналды. Оның ішінде соғыс және тыл ардагерлері, халықаралық ұйым өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, еліміздің әр аймағынан келген делегаттар, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, әскери патриоттық клубтардың жас сарбаздары бар.