Түркістан
EN

Көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді

94
06.05.2025

Жетісу облысы, Талдықорған қаласында мереке қарсаңында батыр есімі ұлықталды. Шаһардағы бір көшеге Кеңес Одағының батыры, еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің аты берілді. Халық қаһарманынан көше атауын беру туралы бастаманы қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері көтерген. Әрі қарай ономастикалық комиссиядан қолдау тапқан соң, атауы болмаған 1 жарым шақырымдық көше батыр атымен аталды. Салтанатты рәсімге Жетісу облысының әкімі, батырдың немесе, әскерилер, қала жұрты қатысты. Бірге қызмет атқарған азаматтар батыр туралы естеліктерімен бөлісті.