Шалғайдағы ауылдарда электр желілерін тарту, газ, ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Сарыағаш ауданына қарасты Шеңгелді ауылындағы 300-ден астам отбасы көгілдір отынмен қамтылды. Тұрғындардың көптен күткен қуанышына аудан әкімі Арман Абдуллаев ортақтасты. Айта кетсек Сарыағаш ауданында 63 елді мекен бар. Бүгінде оның 52-сі көгілдір отынмен, 49-ы ауыз сумен қамтылған.