Түркістан
EN

Түркістан облысында жаңадан 348 нысан салынған

101
06.05.2025

Былтыр Түркістан облысы бойынша құрылыс саласында 348 нысанды салу жоспарланған. Ол үшін бюджеттен 251,1 млрд теңге бөлінген. Алайда, жыл қорытындысына сәйкес, оның 226-сы тапсырылған. Бұл туралы өңірлік құрылыс басқармасының басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, аудан, қала әкімдіктері тарапынан 245 үйден 2590 пәтер сатып алынған. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 4226 жұмыс орындары ашылды.