Түркістан
EN

Түркістан облысында ет және мақта кластері дамып, экспорт көлемі артады

102
06.05.2025

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысындағы жобалармен танысты. Ведомства басшысы бірінші Арыс қаласы Қожатоғай ауылындағы мал бордақылау алаңына барды. Қазір онда 15 мың бас ірі қара бар, тағы 10 мың бас алдағы күндері әкелінбек. Бордақылау алаңындағы барлық жұмыс автоматты жүйеде іске асырылады. Министр одан соң Отырар ауданындағы мақта кластерімен танысты. Отырардағы жерге инвестор есебінен тамшылатып суару жүйесі орнатылып, мақта егілген. Айдарбек Сапаров екі жобаға да оң бағасын берді.