Арыс қаласы аумағында шегірткенің дәл осы уақытта таралуы жыл сайынғы мәселеге айналған. Зиянкестермен күрес қалай жүріп жатқанын бақылау үшін еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Биыл шегірткелер Түркістан облысындағы 370 мың гектар аумақтан аса жерге таралуы мүмкін. Қазір 350 мың гектар жер өңделді. Химиялық өңдеу Арыс қаласы, Саырағаш, Шардара, Ордабасы, Келес аудандарында жүргізілді. 54 мың гектар жерге АН-2 ұшағымен және дрон арқылы зиянкестерге қарсы дәрі шашылды.