Түркістан
EN

Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды

126
05.05.2025

Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100 пайызға толды. Онда қазір шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналған. Енді осы арқылы облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік бар. Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің су ағынын реттеп отырады. Жыл басынан бері су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Ал былтыр осы кезеңде бұл көлем 2,9 млрд текше метр болған еді. Сонымен қатар Балқаш көлі бассейніндегі экологиялық жағдай да жақсарып келеді дейді мамандар.