Түркістан
EN

Жеңіс күніне орай ардагерлерге қаржылай көмек көрсетіледі

77
05.05.2025

Жеңістің 80 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі. Ал тыл еңбеккерлері мен жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге мөлшерінде сыйақы белгіленді. Бұл туралы өңірлік қоғамдықдаму басқармасының өкілдері мәлімдеді. Жауаптылардың сөзінше, мерейтой аясында 3017 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медальдар табысталып, құрмет көрсетіледі. 61 тыл еңбеккерлеріне санаторийлік- курорттық сауықтыру мекемесіне жолдама беріледі.