2035 жылға дейін елдегі химия өнеркәсібін дамытуға 4,8 трлн теңге инвестиция тартылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында осылай деді. Ал премьер-министрдің айтуынша, химия өндірісі шикізатының 45% экспортқа терең өңделмей шығарылады. Үкімет басшысы өнімдер сыртқа шикізат емес, дайын өнім ретінде шығару керектігін жеткізді. Бұл экономиканың қуатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек. Өз кезегінде энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп «Мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы» заң жобасын әзірлеу қолға алынғанын айтты.