Түркістан қаласының полициясы дрон арқылы көлік қозғалысын реттеуде. Пилотсыз ұшу аппаратын "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасында қолданылды. Дрондар жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер жедел анықтаған кезде, жақын маңда жүрген патрульдік полиция жасақтары дереу әрекетке көшіп, заң бұзушыға қатысты тиісті шаралар қабылдайды. Мәселен, Түркістан-Кентау бағытындағы автожолдың бір бөлігінде дрон тыйым салынған жерде қарсы бағытқа шыққан екі көлікті байқаған. Қауіпті маневр жасаған Toyota және Hyundai көліктерінің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Енді бұл азаматтар алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.