Түркістан
EN

Түркістанда жаңа зауыт ашу бойынша келіссөз жүргізілді

31
05.05.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мажарстан мемлекетінен келген делегациямен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесуде Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке мен Сыртқы сауда бойынша дипломатиялық өкілі Иштван Тибор Ковач және «UBM GROUP» компаниясының басшылығы жаңа жобалар бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Мажарстан елінің жетекші компанияларының бірі Түркістан облысы аумағынан заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Тараптар өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатып, талқылауға дайын.