Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Мұхаммеджан Тынышбайұлы атындағы мектепте парктер шеруі өтті. Аталған шара табиғатты қорғауға бағытталған. Оны «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі ұйымдастырды. Табиғат сақшылары шара барысында оқушыларға экологиялық мәдениеттің маңызын түсіндірді.