Түркістан облысының әкімі Иран Ислам республикасының Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесті. Тараптар Түркістан облысы мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тұстарын, соның ішінде сауда, туризм, және екі ел арасындағы көлік тасымалы жайын талқылады. Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасының еліміздің сыртқы сауда қатынастарындағы маңызды рөлін атап өтті. Әрі өзара тиімді сауда – экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екенін айтып, Ираннан келген компаниялар үшін бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, – деді.