Түркістан
EN

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

90
03.05.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Онда президенттің «экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығының орындалу барысы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен жекешелендіруге жататын 475 кәсіпкерлік субъекттің тізімі бекітілді. Мемлекет тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторларға араласады. Жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылмақ. Премьер-министр жарлықтың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы керектігін баса айтты.