Түркістан
EN

Шегірткемен күрес басталды

79
02.05.2025

Жамбыл мен Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы 348 мың гектардан астам аумақ өңделді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Бұл өңірдерде 907 мыңнан аса гектар жерге зерттеу жүргізіліп, оның ішінде 7 дрон пайдаланылды. Зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 456 мың гектарды құрап, оның 354 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асты. Қазіргі таңда 348 мың гектар жер өңделді: Жамбыл облысында — 14 мың, Түркістан облысында — 335 мың гектар. Күрес шараларын тиімді жүргізу үшін 207 жер үсті бүріккіш техника, бес ұшақ, сегіз дрон және 1 000-нан астам маман жұмылдырылған. Биыл шегіртке 2,1 миллион гектар аумаққа таралуы мүмкін деп болжанып отыр.