Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы №40 Мұхаммеджан Тынышбаев атындағы мектепте парктер шеруі өтті. Аталған шара табиғатты қорғауға бағытталған. Оны «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі ұйымдастырды. Табиғат сақшылары шара барысында оқушыларға экологиялық мәдениеттің маңызын түсіндірді.