Түркістан
EN

Жол құрылысынан 56 кемшілік анықталды

138
30.04.2025

20 нысаннан 56 ақау анықталды. Соңғы 4 айда Ұлттық сапа орталығы Түркістан филиалы республикалық маңызы бар жолдарды 71 рет тексеріп,  осыншама кемшілікті тіркеді. Анықталған ақаулар жөнінде тапсырыс беруші мен мердігер мекемелерге 20 хат жолданған. Соның нәтижесінде 27 ақау қалпына келтірілді. Ал облыстық қалалық сондай-ақ, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелері бойынша 18 нысан бақылауға алынған. Инженерлер осы нысандарға 24 рет тексеріп барған. Сараптама барысында 62 жол құрылыс материалдары іріктеліп, оның ішінде 12 сынама нормативтік талаптарға сәйкес келмепті. Қазір ақау анықталған жерлер қалпына келтіріліп жатыр.