СҚО-да алтыншы күн қатарынан тасқын сумен күрес жүріп жатыр

20
30.04.2025 22:08

Солтүстік Қазақстан облысында алтыншы күн қатарынан тасқын сумен күрес жүріп жатыр. Үйлерге су кіргізбеу мақсатында 1500-ден астам адам және 160 техника жұмылдырылған. Су тасқыны басталғалы 148 тұрғын, соның ішінде 24 бала эвакуацияланған. Сондай-ақ 81 бас ірі қара мал қауіпсіз жерге шығарылды. Қызылжар ауданы Тепличное ауылында салынған бөгеттерді күшейту үшін Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары тартылған. Олар құтқарушылармен бірлесіп, бүгінге дейін 250 мыңнан аса құм салынған қап әзірлепті. 800 курсант төрт ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр.