Түркістанда халықаралық деңгейдегі спорт кешендерінің құрылысы жалғасып жатыр. Соның бірі – ескек есу каналы жартылай аяқталып, онда республикалық сайыс өткен болатын. Ал, былтыр басталған атшабардың құрылыс жұмыстары қазір қарқынды. Бүгін Түркістан облысы мәслихатының депутаттары дәл осы екі нысанды аралады.