Әзірбайжан астанасы Бакуде Қазақстанның сауда павилионы ашылды. Ол Түркі сауда орталығында орналасқан. Салтанатты шараға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Қырғызстан мен Түрікменстан Елшілері, Әзербайжанның шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің Парламент депутаттары қатысты. Түркі сауда орталығы Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің кәсіпкерлеріне өз өнімдерін таныстыру, іскерлік байланыс орнату және халықаралық нарықтарға шығу үшін тұрақты алаң ұсынады. Павильондар бауырлас елдерінің ұлттық тауарларын, қолөнер бұйымдарын және гастрономиясын паш ететін мәдениет және сауда алаңдары ретінде құрылған.