Футболды дамыту мәселесі талқыланды

9
30.04.2025 22:03

Түркістан облысындағы футбол клубтары бөлінген қыруар қаржыны ақтап жатқан жоқ. Сондықтан футболды дамытудың, осы саланы жүйелеудің жоспары керек. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға осындай тапсырма берді. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының футболмен шұғылдануына мүмкіндік беретін 1249 спорт нысаны жұмыс істейді. Олардың ішінде 21 стадион, 141 жабық манежі, 208 алаң бар. Жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлініп, 46 нысан салынған. Енді аймақта футболды дамытудың алдағы екі жылға арналған кешенді бағдарламасы әзірленеді деп жоспарланып отыр.