Түркістан шаһары Пәкістанның Лахор қаласымен бауырлас қала атанды. Ресми меморандум Исламабадта өткен кездесуде қол қойылды. Бұл келісім екі ел арасындағы достықты нығайтып, мәдени, экономикалық және туристік жобаларды дамытуға жол ашады. Сондай-ақ, Карачи қаласында өткен бизнес-форумда жалпы сомасы 70 миллион АҚШ долларынан асатын төрт құжатқа қол қойылды. Айта кетсем, халықаралық деңгейде Қолөнершілер қаласы атанған Түркістан қаласы осыған дейін Әзербайжан, Түркия, Тәжікстан мен Қытай Халық Республикасының қалаларымен бауырластық қатынас орнатқан болатын.