Маусым айынан бастап еліміздегі емханаларда кезек азаюы мүмкін. Өйткені көп ұзамай бірнеше медициналық анықтама электронды форматқа өтеді. Оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы да бар. Алдағы уақытта қажетті қағаздарды қайдан, қалай аламыз? Сандық жүйе несімен тиімді болмақ? Айдана Дүйсенбаева тарқатып айтады.