Түркістан
EN

Адасып кеткен баланы ата-анасына тапсырды

54
29.04.2025

 Анасын іздеп көше кезген үш жасар бала құтқарылды. Оқиға Леңгір қаласында, таңғы 7 шамасында болған. Полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, жеңіл киінген, жалаң аяқ жүрген баланы тауып алғанын айтады. Полиция қызметкерлері баланың ата-анасын іздеуге кірісіп, нәтижесінде баласын іздеген ана анықталған. Бала таңғы 6 да жұмысқа шыққан анасының артынан еріп шығып кеткен. Үйі іші шырт ұйқыда жатқандықтан ешкім көрмей қалған. Содан үш шақырымдай жерге жеткенде баланың бейсауат көшеде жүргенін бір тұрғын көріп қалады. Солайша оны дереу полицияға хабарлап, көп ұзамай анасы мен баласын қауыштырады.