Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аймағында қоғамдық тәртіпті күзетуде. Олар Теріскейдегі тасқыннан зардап шеккен Тепличное және Большая Малышка ауылдарында ұрлық-қарлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күн сайын онда 50 әскери қызметші патрульдік қызмет атқарады. Олардың басты міндеті — су басқан аумақтарға рұқсатсыз адамдардың кіруіне жол бермеу, төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет ету.