Мүгедектігі бар жандарға көрсетілетін қолдауды жетілдіру мақсатында Түркістан облысында тиісті шаралар қабылданады. Оларды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, қолжетімді ортаны қалыптастыру бағытында жұмыстарға басымдық беріледі. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалағымен өткен мәжілісте айтылды. Қазір Түркістан облысында 99 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат есепте тұр. Оның ішінде 85%-ы – ересектер. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 652 адамға көбейген.